Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Жаңалықтар
17.08.2020, 17:10

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы — М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы — Назарбаев университетін тәмамдаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 

2014-2017 жылдары — «Транстелеком» АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі.

2017-2018 жылдары — «Астана — жаңа технологиялар – 2008» ЖШС директоры.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Транстелеком» АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Сұхбат

PhotoRoom