Мақтааралда ауыл шаруашылығы өнімі 80 млрд теңгеден асқан

Жаңалықтар
22.05.2023, 14:47
Мақтааралда ауыл шаруашылығы өнімі 80 млрд теңгеден асқан

Берекені көктен емес еткен еңбегінен тілеген Мақтаралдық дихандар былтыр 80 миллард теңгенің өнімін өндірген. Биылғы меже одан да жоғары болмақ. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Жайылымдық жері жоқ ауданда төрт түліктің де үлес салмағы басым. Өзге өңірлермен салыстырғанда көктемі ерте шығатын мырзашөлдік шаруалар биыл да қырық қабатын алғашқылардың бірі болып экспорттап үлгерді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

Мақтаарал ауданының негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. Жыл онекі ай иығынан кетпені түспейтін мырзашөлдік дихандар былтыр 60 мың гектар жерге егін ексе, оның 40 мыңнан астамына мақта шитін сепкен. Нәтижесінде аудан бойынша 106 мың тонна ақ алтын жиналыпты. Одан бөлек 19 мың тонна көкөніс терілен. Дәмі тіл үйіретін қауын-қарбыз бен  398 мың тонна бақша өнімдері шетелге экспортталған. Биыл да бұл меже одан да көп болмақ. Ерте жұмысқа кіріскен Мақтаралдық дихандар қырыққабат дақылының басым бөлігін Ресей, Белоруссия елдерімен қатар ішкі нарыққа  жөнелтіліп жатыр екен. Көктемде шаруаға қажетті жеңілдетілген жанар-жағармай толық жеткізілген. Оған қоса ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында аудан көлеміндегі арық-атыздар бетондалған.

Мақталы ауданда диханшылықпен қатар өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес те артып келеді. Өңірінде өткен жылы 80,9 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген.  Оның ішінде, өсімдік шаруашылығында - 65,1 млрд. теңге, мал шаруашылығында - 15,7 млрд. теңге, ауыл шаруашылық қызметі саласында - 52,1 млн. Теңге жеткен.  Сондай-ақ, аймақтың негізгі капиталына салынған инвестицияның  көлемі былтыр 22,5 млрд теңгені құрап, алдынғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға өскен. Сонымен қатар, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауданда 2022 жылы 8 172 адам түрлі жұмыстарға тартылған. Қоғамдық жұмыс орындарына 2 042 адам жолданып, оның 1633-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Әлеуметтік жұмыс орындарына 369 адам жолданып, оның 331-і тұрақты жұмысқа орналасты. Ал жастар практикасынан 655 адам өтіп, оның 46-сы тұрақты жұмысқа орналасқан.

 Бақыт Асанов

Мақтаарал ауданының әкімі
 - 2022 жылдың қорытындысымен аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 16 млрд. теңгеге жетсе, өңдеу өнеркәсібі саласында 13,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Сонымен қатар, былтыр өңірде 23 мың шаршы метр тұрғын үй алаңдары іске қосылды. Инфрақұрылымды дамыту бойынша аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67-сі, яғни 97,1%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда 49 елді мекенге 24 сағат, 18 елді мекенде кестемен ауыз су берілуде. Бұдан өзге, 69 елді мекеннің 36-сы табиғи газбен қамтылған. Бұл аудандағы елдімекендердің жалпы санының 52,1%-ын құрайды. 2022 жылы 53,4 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдар мен 46,5 шақырымдық елдімекендердің ішкі көшелері орташа және ағымдағы жөндеуден өтті,

 Мақаатаралдық шауалар үшін ең негізгі мәселе жер асты суының көтерілуі болатын. Егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бағдарламасы аясында барлығы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 150 тік дренажды ұңғымалар жөнделген. Қазіргі таңда, 229 каналда 271,1  шақырым топырақ жұмыстары,   274,6 шақырым темірбетонмен қаптау жұмыстары және 8,5 шақарым лоток орнату жұмыстары аяқталған. 35 дана тік дренажды ұңғымалар қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталып, 150 дана тік дренажды ұңғымалар бұрғылау жұмыстары бітіп, 123 бақылау  ұңғымалары салынған. Оған қоса Игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында да бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom