Мәдениет және өнер саласы өкілдеріне құрмет көрсетілді

Жаңалықтар
23.05.2023, 14:54
Мәдениет және өнер саласы өкілдеріне құрмет көрсетілді

21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні Түркістанда кең көлемде аталып өтті.  Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, өнер және мәдениет саласының үздіктері қатысты.

Бүгінгі таңда Түркістан өңірінде ауқымды мәдени жобалар іске асып, 700-ге жуық  мәдениет және өнер мекемесі түрлі шараларды жоғары деңгейде өткізіп келеді. Соның ішінде «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» ұйымдастырылып, Тараз және Алматы қалаларында қаламгерлер бас қосты. Келесі руханият көші Астанада жалғасады. Сонымен қатар «Өнерлі өлке» өнер фестивалі аясында әр апта соңында Түркістан қаласында аудан-қалалардың мәдениет күндері өтіп жатыр. Ал, Түркістан облысыны әкімінің орынбасары бейсенбай Тәжібаев осы аптада Астана қаласында Түркістан облысының мәдениет күндері өтетінін жеткізді.  Айта кетейік, Мерекелік шарада өңір мәдениетінің дамуына еңбегі сіңген сала мамандарытөсбелгісі тағып, алғс хаттармен марапатталды. Шара барысында өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сұхбат

PhotoRoom