Шіркеймен күрес жұмысы тамыз айына дейін жалғасады

Жаңалықтар
24.05.2023, 14:56
Шіркеймен күрес жұмысы тамыз айына дейін жалғасады

Тағы да шіркей тақырыбы. «Жалпы шіркейлерді түгелдей жою мүмкін емес». Алайда, Түркістан облысында зиянкестердің санын азайту бағытында күрес жұмыстары жүйелі түрде жалғаса береді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде белгілі болды. Жауаптылар бүгінге дейін қанша аймақ биологиялық және химиялық әдістермен өңделгенін, қандай препараттар қолданылып жатқанын  айтты.

Түркістан облысында шіркей және сол сияқты қос қанатты қансорғыш жәндіктермен күрес жұмыстары тоқтаған жоқ. Жалпы шіркейлер Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сауран, Отырар, Шардара аудандарында көбейіп кеткен. Сырдария өзені бойымен Көксарай су реттегіш қоймасы маңындағы орналасқан елдімекендерде зинякестерге қарсы химиялық және биологиялық әдістерімен өңдеу жұмысы жалғасып жатыр.

Дезинсекция жұмыстарын «Сәтті түлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Мердігер компания өкілінің айуынша, химиялық әдіспен Түркістан қаласы аумағында 386 га, Кентауда 38 га, Арыста 279 га, Отырар ауданы аумағында 166 га, Сауран ауданы аумағында 107,5 га, Шардара ауданы аумағында 244 га жер теліміне 3 реттен дезинсекция шаралары жүргізілді. Сырдария өзенінің Арыс қаласынан өтетін жеріне 22680 л, Отырар ауданы аумағынан өтетін жеріне 12960 л, Шардара аумағынан өтетін жеріне 9720 л бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделген.

 Жауапты сала өкілінің пікірінше, былтырға қарағанда шіркейлердің саны биыл 4-5 есе көп. «Егер біз дер кезінде жұмыс жүргізбегенде шіркейлер ошағы Түркістан облысын басып қалар еді», - дейді Қайрат Ермен. Маман «жалпы, шіркейлерді түгелдей жою мүмкін емес. Тек санын азайту бағытында жұмыстар жалғасатынын» айтты. Айта кетейік, бұл жұмыстарға 70-ке жуық техника, 80-нен астам жұмысшы жұмылдырылды. Брифингіде сала өкілі шіркейге қарсы күрес шаралары тамыз айына дейін жүйелі түрде жалғаса беретінін және басқарманың қатаң бақылауында екенін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom