Халықаралық турнир басталды

Жаңалықтар
24.05.2023, 14:59
Халықаралық турнир басталды

 

Шымкент қаласындағы үстел теннисі орталығында Ақпан батырды еске алуға арналған lll халықаралық турнир басталды. Жарысқа еліміздің спортшыларымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің жастары мен жасөспірімдері қатысып жатыр.

Елімізде үстел тенниісі спортын дамытудың жаңаша бағыты таңдалып дәл қазіргі сәтте Қазақстан спортшылары әлемдік рейтінгте көш бастаушы команда болып тұр. Шымкент қаласында да жаңа теннис орталығы салынып таланттар тәрбиеленіп жатыр. Осы мақсатта біраз жыл ұмыт бола бастаған Ақпан батырды еске алуға арналған халықаралық турнирдің жалауы қайта көтерілді.   200- ге тарта теннис шеберлері жекелей және командалық сайыста сынға түседі.

Ақпан батыр- Абылай ханның тұсында қол бастаған бахадүр батырларымыздың бірегейі.Ол туралы Ақпан батырдың ұрпақтары атынан Балтабай Құрбанбаев арнайы атап өтті.Батырдың туған жері Қазығұрт тауы баурайында алып ескерткіш орнатылған. Батыр атындағы сайыстар жастарымыздың жеңіске деген рухын оятып,намысты болуға тәрбиелейді.

 Бүгінгі сайыс нәтижесінде, жасөспірімдер арасында- Қасым Нұрислам, Сәуірбай Бағдаулет, Мұхамедәлі Құрбантаев,Мерей Болатбек,Еркінбек Ерасыл үздік танылды. Жастар арасында Артықметов Ирисмет, Бақдаулет Әкімәлі өз шеберліктерін паш етті. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Сұхбат

PhotoRoom