Қазақстан өңірлерінде 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады

Жаңалықтар
18.08.2020, 10:18
Қазақстан өңірлерінде 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус індетімен күрес үшін 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша коронавирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық аурухана құрылысы жүргізілетін болады. Өз кезегінде қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады», - деді министр.

Ведомство мәліметіне қарағанда, 13 модульдік инфекциялық аурухана 2,7 мың орынға арналмақ.

Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының, Жұмыспен қамтудың жол картасының және басқа да салалық бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шаралары 743 мың адамды қамтыды. Жылдың соңына дейін 1 млн 220 мың адамға қолдау көрсетіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударылып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі оңтайландырылды. Осы жобалар (6 702 жоба) аяқталған соң, аралас салаларда қосымша 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылады.

Сұхбат

PhotoRoom