«Қазақфильмде» болған өрт ұйымға 50 млн теңгедей шығын келтірді

Жаңалықтар
18.08.2020, 12:39

Құзырлы органдар өрт шығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады

«Қазақфильмде» болған өрт ұйымға 50 млн теңгедей шығын келтірді
фото: instagram.com/kazakhfilm_official/

15 тамыз күні Алматыдағы «Қазақфильм» студиясының ғимаратынан шыққан өрттің алдын ала шығыны 48 981 130 теңгені құрайды. Бұл жайында ұйымның ресми Instagram-парақшасында жазылды. Сонымен бірге құзырлы органдар өрт шығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланып отыр.

«Бұл төтенше жағдай Алматы қаласы әкімінің, ҚР Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің жіті бақылауында. Сондай-ақ, киностудия әкімшілігі ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай ең алдымен өрт орман қоймасының ашық аумағында басталған. Шамамен 20 минуттан кейін «Қазақ хандығы» тарихи фильмі үшін жасалған «Шайбан шахтың ішкі ауласынан» өрт шыққан. Бұл ағаш құрылым алғашқы ошақтан 300 метр қашықтықта орналасқан», - делінген хабарламада.

«Қазақфильм» басшысы Ақан Сатаев біреу әдейі от қойғанын айтып отыр. Ол от шыққан қоймада жанғыш материалдардың болмауы мен электр тоғының тартылмауын дәлел ретінде келтіреді.

Сұхбат

PhotoRoom