Қытай COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны жыл аяғында өндіріске шығаруды жоспарлап отыр

Әлем
18.08.2020, 14:49

Жергілікті мамандар вакцина бағасы шамамен 1000 юань болатынын айтады

Қытай COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны жыл аяғында өндіріске шығаруды жоспарлап отыр
Фото: ашық дереккөзден

Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны жыл аяғында шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай ұлттық фармацевтикалық корпорациясы(China National Pharmaceutical Group Corp жасаған коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне өтті.

Осы елдегі сарапшылардың пайымдауынша, вакцинаны тіркеу процесі аяқталғаннан кейін, 2020 жылдың желтоқсан айында өндіріске шығарылады деп күтілуде.

Қытай ұлттық фармацевтикалық корпорациясының құрамына кіретін екі ғылыми-зерттеу институты (Бейжің мен Уханьда орналасқан) бір мезгілде коронавирусқа қарсы вакцина бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін атап өткен жөн. Вакциналар өндірісін де осы екі институт жүзеге асырады.

Бейжіңдегі ғылыми-зерттеу институты жылына 120 миллион вакцина шығара алады, ал Уханьдағы институты жылына 100 миллион вакцина шығаруға қауқарлы.

Қытайлық мамандар вакцинаның бағасы шамамен 1000 юань(шамамен 60 000 теңге) болатынын айтады.

Сұхбат

PhotoRoom