ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Жаңалықтар
19.07.2023, 19:02
ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №2 және №6 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына партиялық бақылау комиссиясы зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласы, Забадам шағын ауданында орналасқан орталықта 
қызмет алушыларға жеті бағыт бойынша әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Атап айтқанда, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, еңбек, мәдени бағыттары. 

Орталыққа кәмелет жасқа толған, белгілі тұрғылықты жері жоқ, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметі есебінде тұратын азаматтар қабылданады. Қазіргі таңда мекемеде 143 азамат уақытша жатып кызметтер алады.

Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғ.Ташқараев, Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Жақсықұлов, Б.Қуанышбеков, Е.Серкебаев 
 және Р.Ердембеков зерделеу жұмыстары барысында кемшіліктерге назар аударып, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom