САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Жаңалықтар
21.07.2023, 18:31
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық кеңес және Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшының міндетін атқарушы Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы ашып, жүргізді.
 
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:  
1.    «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің орындалуы;
2.    Жол картасындағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2022-2023 жылда атқарған жұмысы туралы.

Мәжіліс барысында Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Б.Абдуллаев пен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекованың баяндамасы тыңдалып, қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.

Айта кетейік, бірлескен отырысқа Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғ.Ташқараев, Білім беру мен денсаулық сақтау жөніндегі кеңес төрағасы Е.Серкебаев, комиссия мүшелері, тиісті басқарма басшылары, партия филиалы басшылығы және жауапты қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты

Сұхбат

PhotoRoom