Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында белсенді азаматтық ұйымдардың өкілдерімен отырыс өтті. Жиынға «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы"» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы В.Пак, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының міндетін тқарушы Б.Тулегенов. Шымкент қаласының «Азаматтық Альянс» ЗТБ-нің төрағасы Ж.Білісбеков және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Мүгедектігі бар адамдардың белсенді қоғамдық ұйымдарымен танысу;
2. Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар арасында сапалы және жүйелі жұмыс істеу үшін қолжетімді орта бойынша сараптамалық қауымдастық құру;
3. Мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу;
4. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттырумен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс қимыл алгоритмі;
5. "AMANAT" партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасында 450 аялдамалардың және 800 әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың талаптарына сай жасақталуы сөз болды.