САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жаңалықтар
03.08.2023, 19:05
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 4-ші тармағының орындалуына мониторинг жүргізілді. 

Жол картасында белгіленген нысанның жағдайын анықтау мақсатында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Б.Тулегенов және қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қ.Базарбеков «Аймар құс» ЖШС құс фабрикасына барды.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Базарқақпа елді мекенінде орналасқан «Аймар құс» ЖШС құс фабрикасы жылына 72 млн жұмыртқа шығаруға қауқарлы. Жоба құны 4 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын қазіргі таңда 100-ден аса жұмысшыны жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын басшысы Файзахмет Нурметов фабрика жұмысының барысымен және соңғы технологиямен жасалған құрал-жабдықтармен таныстырды. Кәсіптің бұл саласындағы қиындықтар мен жетістіктерді айтып, бірнеше өтініш-тілегін назарға алуды сұрады. 

Атап айтқанда, қала аумағынан 1 мың гектар ауылшаруашылық жерін бидай мен жүгері егуге жалға алуға, асфальт жол төсеп, қосымша көгілдір отын мен электр энергиясының нүктелерін қосып беруге жәрдем сұрады. Жол картасында бұл тармақтың орындалуына бекітілген фракция мүшесіне осы мәселені назарға алу тапсырылды.

Сұхбат

PhotoRoom