Тоқаев жемқорлықпен сотталғандарды шартты түрде босатуға тыйым салды

Жаңалықтар
19.08.2020, 22:15

Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды

Тоқаев жемқорлықпен сотталғандарды шартты түрде босатуға тыйым салды
Фото: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Сондай-ақ, Президент осы жиыннан кейін жемқорлыққа қатысты тағы бір шешім қабылдағанын жеткізді.

«Жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға заң жүзінде тыйым салуды тапсырдым», - деп жазды ол.

Президенттің қатысуымен өткен кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдері қатысты. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент қаласы және Жамбыл облысының әкімдері есеп берді. 

Сұхбат

PhotoRoom