«ҚАМҚОРЛЫҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
07.08.2023, 16:26
«ҚАМҚОРЛЫҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Қамқорлық» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиынды партияның Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай Пердешұлы төрағалық етіп, жүргізді. 

Күн тәртібіне сәйкес «Қамқорлық» БПҰ-ның 2022 жылдың қорытынды және ағымдағы жылдың алғашқы алты айы бойынша  есебі тыңдалды. Сондай-ақ «Қамқорлық» БПҰ-нан Әл-Фараби аудандық филиалының XLIX (49) конференциясына делегаттар сайланды. 

«Қамқорлық» БПҰ төрағасы Бейсеуов Махамбет ұжымның жұмысы бойынша баяндама жасады. Аталмыш бастауыш партия ұйымында – 1122 партия мүшесі болса,  оның ішінде 828 жұмыс жасаушы, 3 студент, 73 жұмыссыз, 90 декреттегі ана, 122 зейнеткер, 6 мүмкіндігі шектеулі жан бар.

«Қамқорлық» бастауыш партия ұйымының жоспарына сәйкес  «AMANAT»  партиясының сайлауалды бағдарламаларын кезеңімен жүзеге асырып келеді. Мәселен, №1 қалалық аурухананың дәрігерлері мен медбикелері «Ардагерлерді ардақтайық»  жобасы аясында Әл-Фараби ауданындағы қарт кісілердің үйіне барып, медициналық тексеру жұмыстары бойынша ұдайы көмек көрсетіп келеді. «Кедергісіз келешек» – партиялық жоба аясында, аудандық партия филиалы және аудандық әкімдікпен бірлесіп қоғамдық тамақтандыру орындарында, базарлар мен сауда орындарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады. Аталмыш жоба аясында ауданға қарасты 15 ерекше балаға бір реттік көмек ретінде демеушілердің есебінен азық-түлік себеттері үлестірілді.

Сұхбат

PhotoRoom