«Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолында күн батареясымен қуаттанатын автономды жол катафоттары сыналды

Жаңалықтар
20.08.2020, 11:19

Егер көлік жүргізушісі жолдағы тұтас сызық таңбасын басса, катафоттар белгілі бір дыбыс шығарады

«Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолында күн батареясымен қуаттанатын автономды жол катафоттары сыналды
Фото: ашық дереккөзден

Жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін жақсарту және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында ««QazAvtoJol» АҚ «IMRAN COMAPNY» компаниясымен бірлесіп күн батареясымен қуаттанатын автономды жол катафоттарын сынады.

Тәжірибелік сынақ өткізілетін жол учаскесі ретінде Көкшетау қаласы арқылы өтетін 40+100 шақырымындағы «Нұр-Сұлтан – Петропавл» А1 ақылы автомобиль жолы таңдалған. Мамандардың атап өтуінше, күн батареясы арқылы қуаттанатын автономды жол катафоттары түнгі уақытта және ауа райының қолайсыздығы кезінде жол жағдайын көру мүмкін емес болған жағдайда жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылату үшін қолданылады. Олар - жолдағы таңбалардың көшірмесі. Катафоттар жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілердің көңілін аулайды. Ал егер көлік басқарушы жолдағы тұтас сызық таңбасын басса, катафоттар белгілі бір дыбыс шығарады. Бұл өз кезегінде көліктердің қарсы қозғалыс жолағына өту ықтималдығын төмендетуге, көліктердің соқтығысуын немесе көліктердің жыраға түсіп кетуін  болдырмауға мүмкіндік береді.

«IMRAN COMAPNY» компаниясының мәліметтерінше, жол катафоттарын 7 жылға дейін пайдалануға болады. Олар салмағы 30 тоннаға дейінгі жүкті көтеруге есептелген. Осы ретте компания аталмыш өнімге 2 жылдық кепілдік береді.

Сұхбат

PhotoRoom