Түркістан облысына Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек келді

Аймақ
20.08.2020, 12:40

Келген көмектің бәрі ауруханалар мен емханаларға таратылады

Түркістан облысына Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек келді

Түркістан облысына Германия және Украинадан гуманитарлық көмек келіп жетті. Көмек медициналық маска, меропенем, левофлоксацин секілді аса қажетті заттардан тұрады.

 Келіп жеткен дәрілік заттарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері мен дәрігерлер қабылдап алды.

Жалпы саны 4000-нан асатын медициналық препараттар мен қорғаныш маскалары қажеттілігіне қарай ауруханалар мен емханаларға таратылады.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берілмес үшін, барлық препараттарға «тегін» деген жазуы бар арнайы мөр басылады.

Сұхбат

PhotoRoom