ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Жаңалықтар
03.08.2023, 16:49
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап, ондағы жұмыс барысымен кеңінен танысты. 

Осыған дейін тұрғындар тарапынан Жамбыл даңғылы мен Мәмбет батыр көшесінің қиылысына аялдама орнатуды сұраған болатын.  Облыс басшысы жаңадан орнатылған аялдамада болып, жұмыстың қорытындысымен танысты.  Әкім тиісті басқарма басшыларына қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауды басты назарға алуды тапсырды. 

Сондай-ақ, облыс басшысы жөнделіп жатқан жолдардың сапасын тексеру мақсатында Қ.Сәтбаев көшесінде болып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, Қойгелді көшесі мен Жамбыл даңғылы аралығындағы жол жөндеу жұмыстарына 10 техника, 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңда жол негіздемесі әзірленіп, жол жиегіне бордюрлер қойылуда.  Ұзындығы бес жүз метрге жуық жолды жөндеу жұмыстарын «Арайстройгруп» ЖШС мердігер компаниясы тарапынан атқарылып жатыр. 

Келесі кезекте «Самал» (7) және «Мыңбұлақ» (9) ықшамауданындағы мектеп және балабақшаларға баратын С.Сейфуллин көшесіндегі жаяу жүргінші жолдары да назардан тыс қалмады. 

Нұржан Молдиярұлы күрделі жөндеуден өтіп жатқан №40 мектеп-гимназиясының ғимаратында болып,  мердігер компанияға жөндеу жұмысының сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды. 

Келесі аялдама «Талас» (6) ықшамауданы, №12 көпқабатты тұрғын үй алдындағы қоқыс алаңшасында болып, қала аумағындағы арық жүйелерінің жәй-күйімен танысты.  «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің басшысы Азамат Әбішевтің айтуынша, смета бойынша шамамен 33 шақырымды құрайтын арық жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Биыл және алдағы екі жыл бойы қаладағы барлық арықтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Облыс әкімі барлық құрылыс нысандарының сапасы мен мерзімінде тапсырылуын қатаң қадағалауды міндеттеді.

Сұхбат

PhotoRoom