Шымкент: Қаратау ауданында ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілді

Аймақ
21.08.2020, 09:39

Спорт алаңшаларына «Street Workout»  жаттығуына арналған спорттық  құралдар  қойылды

Шымкент: Қаратау ауданында ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілді

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрғынүй аулаларындағы спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр.

Атап айтқанда, Нұрсәт, Тұран шағынаудандары, Достық пен Қайнарбұлақ тұрғын алаптары және Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан 10 ашық спорт  алаңшасы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстарын «АлемСтрой-1» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Спорт  алаңшаларына 50 орындық пен 50 қоқыс жәшігі орнатылды. Сондай-ақ, қосымша элементтер ретінде 15 жаттығу тренажеры  мен арнайы  «Street Workout»  жаттығуына арналған спорттық  құралдар  қойылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Сұхбат

PhotoRoom