Қаскелеңде көпқабатты үйден өрт шығып, пәтер иесі қайтыс болды

Аймақ
21.08.2020, 12:18

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Қаскелеңде көпқабатты үйден өрт шығып, пәтер иесі қайтыс болды
фото: azattyq-ruhy.kz

20 тамызда сағат 17:45-те Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Қаскелең қаласы Қаскелең батыр көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 17: 46-да оқиға орнына жоғары құтқару қызметі жіберілді. Құтқару қызметі сағат 17:55-те аталған мекен-жай бойынша 5 қабатты тұрғын үйдің 40 пәтерінде ауданы 48 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерден өрт шыққаны анықтады. Жиһаз, үй заттары жанып кетті. Өрт сағат 18:32-де сөндірілді.

«ТЖД қызметкерлері 20 адамды эвакуациялап, 4 адам құтқарған (50 жастағы пәтер иесі және оның үш көршісі – биыл дүниеге келген ұлымен 29 жастағы әкесі және 24 жастағы анасы жылы туған анасы). Қалған 50 адам өздері эвакуацияланды. Адамдарды өрттен құтқару кезінде №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Н. Байтереков және осы бөлімнің өрт сөндірушісі, қатардағы азаматтық қорғау жауынгері Е. Нүсіпбеков ерекше көзге түсті», - деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Пәтер иесі бірден Қаскелең қаласының орталық ауруханасына улану белгілерімен жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді. Өкінішке орай, есіне келместен сол жерде қайтыс болды. Өрттің шығу себебі анықталуда, оқиға орынында өрт сөндіру зертханасы жұмыс істеуде.

Сұхбат

PhotoRoom