«AMANAT» ПАРТИЯСЫ АБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ  XLІХ ЕСЕПТІК – САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
15.08.2023, 19:16
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ АБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ  XLІХ ЕСЕПТІК – САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Конференция жұмысын «AMANAT» партиясы Абай аудандық партия  филиалының Атқарушы хатшысы Бертаев Есімхан Қалмаханұлы төрағалық етіп,  жүргізді. 

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық және Абай аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен «Жастар рухы» Жастар Қанатының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселеле қаралды.
1.  «AMANAT» партиясы Абай  аудандық  филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге арналған міндеттер, оның ішінде партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы  бойынша өңірлік Жол карталарын іске асыру жөніндегі есебі;
2. «AMANAT» партиясы Абай  аудандық  филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзерістер мен толықтырулар енгізу;
3. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының  кезекті XLVІІ (47) есептік-сайлау конференциясына делегаттар сайлау.

Абай аудандық  партия филиалының кезекті  XLІХ  (49) есептік-сайлау конференциясының өкілеттілік нормасына сәйкес 6787 партия мүшесінен конференцияға 160 делегат сайланып, оның 148-ы жиынға қатысты. Конференция делегаттарының өкілеттіктерін растау бойынша мандат комиссиясының төрағасы Ербол Пазылбекұлына сөз берілді. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Абай аудандық партия филиалының төрағасы Бұхарбай Нұрғазы Бақтыбайұлы баяндама жасады. Баяндама негізінде Абай аудандық партия филиалы Саяси кеңес мүшелері Б.Әлтеев, Ұ.Тасыбекова, Д.Башировтер жарыссөзге шығып, пікір білдірді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша Абай аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа  құрамы және Шымкент қалалық партия филиалының кезекті XLVІІ (47) есептік-сайлау конференциясына сайланатын делегаттар тізімі таныстырылды. Конференция делегаттары қос тізімге енген азаматтарға бір ауыздан қолдап дауыс беріп, тізім бекітілді.

Конференция жұмысын қорытындылаған қалалық партия филиалы Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тулегенов барша делегаттарды құттықтап, жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

Сұхбат

PhotoRoom