«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ  XLІХ ЕСЕПТІК – САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
15.08.2023, 19:21
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ  XLІХ ЕСЕПТІК – САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Конференция жұмысын «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық партия  филиалының төрайымы Елшиева Альбина Балғабайқызы төрағалық етіп,  жүргізді. 

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық Атқарушы хатшы орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы және Еңбекші аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, партия белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен «Жастар рухы» Жастар Қанатының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселеле қаралды.
1.  «AMANAT» партиясы Еңбекші  аудандық  филиалының  2021-2022 жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге арналған міндеттер, оның ішінде партияның сайлау алды бағдарламасының орындалуы  бойынша өңірлік Жол карталарын іске асыру жөніндегі есебі;
2. «AMANAT» партиясы Еңбекші  аудандық  филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзерістер мен толықтырулар енгізу;
3. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының  кезекті XLVІІ (47) есептік-сайлау конференциясына делегаттар сайлау.

Еңбекші аудандық  партия филиалының кезекті  XLІХ  (49) есептік-сайлау конференциясының өкілеттілік нормасына сәйкес 5908 партия мүшесінен конференцияға 50делегат сайланып, оның 50-ы жиынға қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Еңбекші аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы баяндама жасады. Баяндама негізінде Еңбекші аудандық партия филиалы Саяси кеңес мүшелері М.Қалмұратов, Т.Исхахов, Б.Жақсықұлов пікір білдірді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша Еңбекші аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа  құрамы және Шымкент қалалық партия филиалының кезекті XLVІІ (47) есептік-сайлау конференциясына сайланатын делегаттар тізімі таныстырылды. Конференция делегаттары қос тізімге енген азаматтарға бір ауыздан қолдап дауыс беріп, тізім бекітілді.

Конференция жұмысын қорытындылаған қалалық партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы барша делегаттарды құттықтап, жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

Сұхбат

PhotoRoom