Мамин «Роскосмос» басшысымен «Назарбаев стартын» құруды талқылады

Жаңалықтар
21.08.2020, 16:19

Одан бөлек, Жерді қашықтан зондтау мәселесін талқылады

Мамин «Роскосмос» басшысымен «Назарбаев стартын» құруды талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді.

Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығы, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.

«Бәйтерек» бірлескен ғарыш зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, «Гагарин стартын» жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom