Жапония "Ислам мемлекетін" аямайды

Жаңалықтар
01.02.2015, 17:06

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ өз елінің лаңкестікпен күресте аянып қалмайтынын және "Ислам мемлекетіне" қарсы күресіп жатқандарға барынша қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Жақында интернетте жапон журналисі Кэндзи Готоның өлтірілгені жайында видео тараған болатын. Ол айналдырған он күннің ішінде терроршылар аяусыз өлтірілген екінші жапон ұлтының өкілі.

Лаңкестер "Ислам мемлекетіне" қарсы күресіп жатқан халықаралық коалицияға көмек көрсетіп отырғаны үшін Жапонияны жазаладық деп мәлімдеген.

460x259_297692

47 жастағы Гото Жапониядағы танымал тәуелсіз журналист және кинематографист. Ол Сирияға өткен жылдың қазан айында барған. Дереккөздерге сүйенсек, Гото терроршылардың қолына түскен отандасы Юкаваға көмек көрсетпек болған. Алайда, өзі баскесерлердің тұзағына түскен.

Сұхбат

PhotoRoom