ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XLVII (47) ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

Жаңалықтар
21.08.2023, 16:46
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ  XLVII (47) ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

Конференцияның жұмысына Қ.Р  Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі Е.Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты Д.Исабек, Республикалық және қалалық саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және «Жастар Рухы» жастар қанаты белсенділері қатысты.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды:

1. Партияның қалалық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері, оның ішінде сайлау алдындағы бағдарламаларды орындау бойынша өңірлік жол картаны іске асыру туралы;

2. Бақылау-тексеру комиссиясының 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы;

3. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

4. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Бахадыр Мәдәліұлы баяндама жасады. Екінші мәселе бойынша Жеңіс Сәдібеков есеп берді. «AMANAT» партиясы жарғысының 9.6 тармағына сәйкес, Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы таныстырылып, қалалық Бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітілді.

Сұхбат

PhotoRoom