ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Жаңалықтар
12.08.2023, 14:44
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Жамбыл облысындаға жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды. 

Жамбыл облысындағы өңдеу өнеркәсібінің даму деңгейі өте жоғары. Бүгінде өңдеу секторында 573 кәсіпорын жұмыс істейді. ҚР Үкіметінің басшысы өңірдегі іргелі  кәсіпорындардың бірі - «ЕвроХим Қаратау» ЖШС-нің жұмыс барысымен танысты.

«ЕвроХим» компаниясы ауқымды инвестициялық жобаның бірінші кезеңін іске асырған. Тау-кен кешені негізінде жылына 660 мың тоннаға дейін фосфорит өндіру жолға қойылып, жылына қуаттылығы 640 мың тонна орташа ұсақтау және ұсақ ұнтақтау торабы салынды. Жоба құны 126 млн. долларды құрайды. 

Екінші кезеңде минералды тыңайтқыштар өндіретін химиялық кешеннің құрылысы басталып, өндіріс қуаттылығы - жылына кемінде бір миллион тонна өнім бермек. Екінші кезеңді іске асыру миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға, 1200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Осы тұста Үкімет басшысы химия өнеркәсібіндегі жобаларды сапалы жүзеге асыру маңызды екенін және ірі зауыттардың ашылуы өңірдің ғана емес,  республиканың дамуында ықпалы зор екенін атап өтті.

Келесі кезекте Әлихан Смайылов Шу ауданында орналасқан «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының жұмысын зерделеді. Мұнда «TAS Market» ЖШС-нің кремний кластерін құру бойынша инвестициялық жобасы таныстырылды. Өнеркәсіптік кремний, графит электродтары, полисиликон, күн панельдері өндірісін жолға қоюға мүмкіндік беретін жобаға оң баға берілді.

Сондай-ақ, еліміздегі алғашқы сода шығаратын зауыттың құрылысы бойынша жоба таныстырылды. Жобаны Yildirim Holding түрік компаниясының еншілес кәсіпорны «QazaqSoda» ЖШС жүзеге асыруда. Өндірістік қуаттылығы — жылына 500 мың тонна құрайтын зауытты 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған.  Келешекте жылына 1,2 миллион тоннаға дейін ұлғайту жұмысы да қарастылуда. 

- Ұсынылған жобаларды қолдауға біз дайынбыз. Сондай-ақ, қажетті инфрақұрылымды тарту бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Мұны бір жыл ішінде іске асыруға болады. Индустрия министрлігі мен ҚТЖ-ға тиісті тапсырма беремін, — деді Әлихан Смайылов.
Нұржан Нұржігітов Предидент Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, инвестиция тарту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту, жаңа зауыттардың қажеттілігі сынды мәселелердің тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom