ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Жамбыл облысындағы жұмыс сапары аясында облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының жұмысымен танысты.
Жаңа онкологиялық диспансерде 200 орындық заманауи сәулелік терапиясына арналған Elekta Versa HD медициналық аппараты орнатылған. Дәрігерлер аппараттың кез келген локализация мен конфигурацияның ісіктерін емдеуге мүмкіндік беретінін және дәлділігімен ерекешеленетінін атап өтті.
Орталық өзге де заманауи құрылғылармен жабықталған. Атап айтқанда, компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография, цифрлық маммография, рентген аппараты, ультрадыбыстық аппараты бар.
Әлихан Смайылов өңірде заманауи онкологиялық орталықтың ашылуы өте сәтті қадам болғанын, осылайша онкологиялық ауруларды ерте анықтап, дер кезінде емделуге мүмкіндік болатынын айтты. Сонымен қатар, облыста перинаталдық орталық пен жаңа аудандық ауруханаларға және фельдшерлік-акушерлік пункттерге де қажеттілік басым екенін жеткізді. Осыған орай, денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдік бірлесіп, медициналық нысандарды салу мәселесін, оның ішінде Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде пысықтауды тапсырды.
Жедел, жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету мақсатында үш ауданда орталық ауруханалар салу, тағы үш аудандағы орталық ауруханаларды көпбейінді ауданаралық ауруханалар етіп жаңғырту жоспарлануда.
Биыл облыста 20 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып, оның 10-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында жүзеге аспақ. Облыс бойынша медициналық техникамен қамтамасыз ету 92,45 пайызды құрайды. Бес денсаулық сақтау нысанының базасында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша озық тәжірибе орталықтары ашылды.