АМАНАТТЫҚТАР ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жаңалықтар
24.08.2023, 17:42
АМАНАТТЫҚТАР ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ  ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елді мекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Қазір аталған елді мекенде бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылуда. Шымкент қалалық сайлауалды бағдарламасының Жол картасында белгіленген аймақтағы инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың жәй-күйін білу мақсатында «AMANAT» партиясы қалалық партия филиалы Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тулегенов Қайнарбұлақ елді мекеніне барды. 

Атқарылып жатқан жұмыс барысымен аумаққа бекітілген жауапты мәслихат депутаты, қалалық  «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Талғат Балтабаев таныстырды. 

Қазіргі таңда аталған елді мекенде ауыз су кесте бойынша беріледі. Таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 329 шақырымды құрайтын су жүйелері жүргізілуде. «МЕЛИОРАТОР» мердігер компаниясы тарапынан бүгінгі күнге дейін 305 шақырым құбыр тартылып жұмыстың 84%-ы орындалған. Нысанда қазіргі таңда қазба жұмыстары жүруде. Жалпы жоба бойынша нысан құрылысын 2023 жылдың ІV-тоқсанында толық аяқтау жоспарланған. Яғни, ағымдағы жылдың қараша айында елді мекен тұрғындары 100% таза ауыз сумен қамтылады. 

Ал табиғи газ құрылыс жұмыстарын "Отау Строй" мердігер мекемесі жобаны 2 кезек бойынша жүргізуде. 
1-кезекте 233,4 шақырым қарастырылса, қазіргі таңда газ құбырының 60%  жұмысы орындалған. Ал 2-кезек бойынша 45% жұмыс аяқталған. Жалпы газ тарту жұмыстарын 2024 жылы толық аяқтау жоспарлануда.
 

Сұхбат

PhotoRoom