АУЫЛ БИЛЕРІ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

Жаңалықтар
24.08.2023, 17:55
АУЫЛ БИЛЕРІ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

Бүгін  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,  фракция мүшесі Болатбек Нажметдинұлы, Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкіманов пен Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Әбдез Иманқұлов Қаратау ауданына қарасты бірнеше тұрғын алаптарының ауыл билері, ақсақалдары және ел белсенділерімен кездесті. 

Сайлауалды науқан кезінде көтерілген мәселелердің бүгінгі орындалу жәй-күйі әңгіме болды. Негізгі мәселе - тұрғын алаптардағы инфрақұрылым жайы талқыланды. Жиналған ауыл билері Бозарық пен Тұран тұрғын алабындағы мектептердің акт залын заман талабына сай етіп жасап, көшелерді көгалдандыру мәселесін көтерді. 

Ал Таскеннен келгендер көшені жарықтандыру, бағаналарды жаңалау қажеттілігін және жолаушылар тасымалдайтын автобустар кестеге сай жүрмеуін ортаға салды. Сонымен қатар, Тассайда мектепте оқушылардың көптігінен жаңа мектеп салу үшін бос орын қарастыру керектігі де сөз болды. 

Мәртөбелік тұрғындар қалааралық автобустардың стандартқа сай емес екенін айтса, Қайтпастық тұрғындар үшін 10 емхананың бірнеше ғимаратта отырғаны қиындық туғызуда.

Мәжіліс депутаты мен аудан әкімі тұрғындардың барлық мәселесін жіті тыңдап, сауалдарына байланысты аудандағы тиісті сала мамандарымен мәселелерді шешу жолдарын талқылап, заң аясында кеңес берді. Барлық азаматтардың өтініші қараусыз қалмайтынын айтып,түбегейлі шешімін тапқанша бақылауда ұстайтындарын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom