Жемқорлық қылмысы бойынша 9 тұлғаға қатысты сот үкімі шықты

Жаңалықтар
22.08.2020, 21:48

Оның 6-уы түрлі деңгейдегі басшылар

Жемқорлық қылмысы бойынша 9 тұлғаға қатысты сот үкімі шықты
Фото: azattyq-ruhy.kz

Жемқорлық қылмысы бойынша 12 тұлғаға қатысты 9 айыптау үкімі шықты, оның 6-ауы түрлі деңгейдегі басшылар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 5 тұлға, алаяқтық фактісі бойынша 1 тұлға сотталды. 

1. 2020 жылдың 18 тамызында Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының үкімімен «Селденқорғау құрылыс» ШЖҚ РММ бұрынғы директоры У. Мүталиев пен С.Бердібеков тиісінше 4 және 1 жылға бас бостандығынан айрылды.
Мүталиев С.Бердібековтің делдалдығымен субмердігерлік жұмыстарды беру үшін 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін күдікті болды. 

2. Осы жылдың 19 тамызында Ақтөбе гарнизонының Әскери сотының үкімімен 1,5 млн теңгеге (1 479 100 теңге) жуық бюджет қаражатын жымқыруда күдікті болған «Мұғалжар аудандық қаржы бөлімі» ММ бюджет және есептілік секторының меңгерушісі А.Т.Жүнісова 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. 

3. Биыл 20 тамызда Ақтау қалалық сотының үкімімен  «KMG EP-Catering» ЖШС мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының орынбасары А.С.Шекенова 3 жылға және азамат З.Т.Сұлтанова 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 
Шекенова тамақ өнімдерін алу мен жеткізу бойынша мәселелерді оң шешу және әрі қарай қамқорлық көрсету үшін Сұлтановадан 3 млн теңге сомасында пара алуда күдікті болды. 
Сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды.

Тегтер:
Жемқорлық

Сұхбат

PhotoRoom