«AMANAT» партиясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетіп, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда.
«Балаларды мектепке даярлайық» акциясы аясында Еңбекші ауданында орналасқан N68 ЖОМ аз қамтылған, жартылай жетім оқушыларын мектепке дайындады.
Бұл акцияға «Береке» БПҰ төрайымы Сәбитова Әлия Әлиханқызы және қалалық мәслихаттың депутаты Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетіп, өз үлестерін қосты.
Акция барысында жалпы 100 баланы қамтып, оқушыларға киім-кешек, оқу-құралдары және қаржылай көмек көрсетілді.
Мектеп ұжымы және ата-аналар тарапынан демеушілерге, «AMANAT» партиясына өз ризашылықтарын білдірді.