«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жаңалықтар
05.09.2023, 17:44
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынды кеңес төрайымы Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы ашып, жүргізді. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, кеңес мүшелері, партия белсенділері, БАҚ өкілдері және Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы қатысты.
 
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында Еңбекші ауданы әкімінің 2022-2023 жылдары арасында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы есебі тыңдалды.

- Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында «AMANAT» партиясы тиімді жұмыстар атқарып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде жергілікті мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмысы, республикалық және жергілікті бюджеттен бөлініп жатқан қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуы, халықты толғандыратын мәселелер талқыланып, шешілу жолдары қарастырылады. Осы бойынша барлық салада қатаң қоғамдық бақылау жүргізіледі, - деді Ж.Бектаева. 

Жиын соңында кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыға сауалдар қойылып, ұсыныс-тілектер айтылды.

Сұхбат

PhotoRoom