«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партия активімен өткен кеңесте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын сапалы жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттер жүктеді.
Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздегі саяси реформалардың жалғасы ретінде әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асатынын атап өтті. «Күшті - Президент, ықпалды – Парламент, есеп беретін – Үкімет» қағидасының жүзеге асып жатқанын нақтылады.
Қазіргі таңда елдің дамуы үшін орта шағын бизнес пен кәсіпкерлік саласына жағдай жасалынып, жоғары деңгейде рөл атқаруы тиіс. Осыған орай, Жолдауда: «Тағы бір маңызды мәселе – кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы. Билік пен бизнестің арасында сындарлы диалог болуы қажет.
Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік органдардың кемшілікке жол беретіні, кейде асыра сілтейтіні жасырын емес. Сондықтан экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажет. Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекетке қатысты істер туралы болып отыр. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет. Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керек. Мұндай әрекеттерге тыйым салынған. Бірақ, соған қарамастан, әлі де жалғасып жатқанын білемін. Осындай мәліметтер кейде әдейі таратылып жатады, тіпті, олар жалған болуы да мүмкін. Қалай десек те, бұл – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе.
Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, саланы реттейміз деген желеумен жасалатын қысымды азайту және бәсекелестікті дамыту мәселелерін мұқият талқылау қажет. Сондықтан мен жуық арада еліміздің бизнес өкілдерімен арнайы кездесу өткіземін» деген Ел Президенті кәсіпкерлік саласының дамуына ерекше мән берілетінін тапсырды. Осының негізінде өңірлердегі жұмыссыздық мәселесі өз шешімін табады деп санаймын. Жолдаудың іске асуына қолдау білдіріп, үлесімізді қосайық!
Қайрат ИМАШЕВ
Мәслихат депутаты, Шымкент қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі