АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ҮЙРЕТЕДІ

Жаңалықтар
07.09.2023, 17:55
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ҮЙРЕТЕДІ

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ МКК «Жоғары медицина колледжі» Симуляциялық орталығының жұмысы сайлауалды бағдарламаның Жол картасында белгіленген. Аталмыш орталық қызметінің сапалы түрде жүзеге асырылуын бақылау мақсатында мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Симуляциялық орталық 2015 жылы орта буынды медицина және қайта даярлау бөлімінің құрамында ашылған. Мұнда оқуға қажетті интерактивті тақта, телевизор, проектор, экрандар, компьютерлік робот-симулятор және әртүрлі муляждар қарастырылған.

Оқыс оқиға болғанда зардап шегушіге дәрігерлер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрену маңызды. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында симуляциялық орталықта жалпы 1314 орта буын медицина қызметкерлері біліктілігін арттырған. Сонымен қатар, «Алғашқы медициналық көмек көрсету» семинарларында балабақша тәрбиешілері, жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері, санитар–бақылаушылар, күзетшілер мен тазалықшылар оқытылған.

Сұхбат

PhotoRoom