Тоқаев Фируза Шәріпованы әлем чемпионы атануымен құттықтады

Тұлға
23.08.2020, 13:39

Қазақстандық боксшы IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы Әлем чемпионы атанды

Тоқаев Фируза Шәріпованы әлем чемпионы атануымен құттықтады
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі жеңісімен құттықтады. 

«Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Қазанда өтіп жатқан кәсіби бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанды. 

Ф.Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи Даудимен (8-6-1, 4 КО) рингке шығып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша кәсіби боксқа қайта оралған 25 жастағы Ф.Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Ол 2019 жылдың сәуірінен бері рингке шықпаған болатын. Содан соң боксшы ретіндегі мансабын тоқтататынын мәлімдеп, кейін сәбилі болған-ды.

Сұхбат

PhotoRoom