"AMANAT" партиясы Еңбекші ауданына қарасты "Оңтүстік текстиль" бастауыш партия ұйымында ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіріп, насихаттау мақсатында жиын өтті. БПҰ төрағасы Исхахов Талғат Жүнісбекұлының басшылығымен ұйымдастырлыған іс-шараға Шымкент қалалық мәслихат депутаты Елшиева Альбина Балғабайқызы мен " Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы қатысты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйекте Парламент сессиясының ашылуында өзінің "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты жолдауын таныстырған болатын. Бұл маңызды құжатты елдің барлық әлеуметтік белсенді халқы күткені түсінікті, өйткені онда ел алдында тұрған ең өзекті мәселелер шоғырланып, оларды шешу жолдары белгіленеді. Қалалық мәслихат депутаты, "AMANAT" партиясы фракция мүшесі Талғат Жүнісбекұлы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты жолдауының қысқаша мазмұнымен таныстырып, баяндама жасады
Ең алдымен, Президент өткен жылғы бағдарламалық баяндамадан кейін бір жыл ішінде жасаған кейбір қорытындыларын шығарды. Бұрын қойылған көптеген міндеттер орындалды. Алайда, барлық салаларында одан да белсенді жұмысты талап етеді. Әлемдегі геосаяси ахуал ақсап тұрғанда, қарулы қақтығыстар, табиғи апаттар, су, электр энергиясы, азық-түлік тапшылығы - мұның бәрі күнделікті шындыққа айналды. Қиындықтан тез шығатын жол іздеуіміз қажет. Президент "абстрактілі жетістіктерге емес, азаматтардың өмірін нақты жақсартуға негізделген жаңа экономикалық модельге" көшуді жариялады. "Елдің жаңа экономикалық бағытының айқындаушы қағидаттары әділдік, инклюзивтілік, прагматизм болады", - деді Т.Исхахов.
Альбина Балғабайқызы Мемлекет басшысы Жолдауының өзектілігі мен қазіргі таңдағы көптеген маңызды мәселелерді шешуде нақты бағдар беретін стратегиялық бағдарлама екеніне баса назар аударып, педагогтерді Жолдауды қолдап, еңбек адамдарына белсенділік танытуға шақырды.
"AMANAT"партисы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы жиынды қорытындылап, партия мүшелеріне Мемлекет басшысының ағымдағы халыққа Жолдауының маңыздылығын терең түсініп отырғанын, толыққанды қолдап, жүзеге асыру барысында аянбай жұмыс жүргізетіндіктерін жеткізді.
ҚАРАПАЙЫМ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ