«Нағыз азамат еді»: Тоқаев Түркістан көшесіне Қосман Аймұхамбетовтың есімін беруді қолдады

Тұлға
23.08.2020, 15:48

15 шілдеде Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған Қосман Айтмұхамбетов қайтыс болды

«Нағыз азамат еді»: Тоқаев Түркістан көшесіне Қосман Аймұхамбетовтың есімін беруді қолдады
Скриншот: youtube

Жақында Мемлекет басшысының Түркістан облысына сапары барысында Қосман Айтмұхамбетовпен бірге қызмет еткен әріптесі Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың біріндегі көшеге марқұмның есімін беру туралы ұсыныс білдірді.

«Қосман Қайыртайұлы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет жасады. Мен қасында болдым, денсаулығы болмағанына қарамастан, температурасымен жұмыс істеді. Сол кісі дүниеден өтті. Өзіңіз тапсырма беріп, осындағы мөлтек аудандардың біріндегі көшеге марқұмның есімін бергізсеңіз», - деді ол.

Президент бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

«Мен бұл азаматты жақсы білуші едім, нағыз азамат, мемлекетшіл тұлға еді. Сондықтан, мен бұл ұсынысты қолдаймын. Марқұмның есімін бір көшеге берсек жақсы болар еді», - деп жауап берді Президент.

Сұхбат

PhotoRoom