ЖОЛДАУ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫМЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жаңалықтар
12.09.2023, 18:26
ЖОЛДАУ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫМЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

“Еңбек”  БПҰ-на қарасты N30 мектепте жолдау насихатталды. Жиынға “AMANAT” партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы, қалалық мәслихат депутаты Әшірбаев Байкен Әшірбайұлы, БПҰ төрайымы Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы және М.Әуезов атындағы ОҚУ проректоры Мажинбеков Сакен Аралбайұлының қатысуымен, ҚР Президентінің Жолдауы талқыланды. 
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйекте Парламент сессиясының ашылуында өзінің "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты жолдауын таныстырды. Бұл бағдарламалық құжатты тек депутаттық корпус, Үкімет қана емес, сонымен бірге елдің барлық әлеуметтік белсенді халқы күткені түсінікті, өйткені онда ел алдында тұрған ең өзекті мәселелер шоғырланып, оларды шешу жолдары белгіленеді.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында белгіленген мақсатқа қарай ілгерілемелі қозғалысты қалай іске асыру керектігі туралы пайымға егжей-тегжейлі тоқталды. Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ететін ел болуға тиіс. Бұл үшін елімізде қажеттінің бәрі бар – еңбек, капитал, ресурстар, технологиялар. Жаңа өнеркәсіптік саясат – бұл ел экономикасын толығымен жаңғырту мүмкіндігі. Осыған байланысты елдегі толық өндірістік циклге қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік машина үлкен рөл атқарады.
«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жақайқызы Мемлекет басшысының Жолдауының өзектілігі мен қазіргі таңдағы көптеген маңызды мәселелерді шешуде нақты бағдар беретін стратегиялық бағдарлама екеніне баса назар аударып, педагогтерді Жолдауды қолдап, іске асыруда белсенділік танытуға шақырды. “Еңбек”  БПҰ төрайымы Жансұлу Абдразаққызы талқылау жиынын қорытындылап, мектеп ұжымының Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ағымдағы халыққа Жолдауының маңыздылығын терең түсініп отырғанын, толыққанды қолдап, жүзеге асыру барысында аянбай жұмыс жүргізетінін айтты.

Сұхбат

PhotoRoom