ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

Жаңалықтар
13.09.2023, 15:23
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

Бүгін «AMANAT» партиясның «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы тармақтың орындалуына бақылау жүргізу мақсатында мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, мәслихат депутаты, қалалық партия фракциясының жетекшісі Қ.Имашев және мәслихат депутаты Л.Сулайманов Шымкент қаласындағы «TECTUM ENGINEERING» ЖШС құрылыс материалдарын шығаратын зауытқа барды.   

Аталмыш кәсіпорын 2014 жылы ашылып, бүгінде шифер өндірісі бойынша Қазақстанда бірінші орында тұр. Заманауи қондырғыларымен жабдықталған зауыттың өнімі стандарттарға сай әрі бағасы қолжетімді. Шиферлер еліміздің барлық қалаларына ғана емес, одан тысқары жерлерге де жеткізіледі. «Даму» қоры бұл жобаны кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдап отыр. Қазір кәсіпорында 170-ке жуық адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар, халық қалаулылары кәсіпкерлерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы өңдеу өнеркәсібіне беріліп жатқан басымдықтарды түсіндірді. Кәсіпкерлік саласын дамыту, ішкі нарықты жандандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу тақырыптары да кеңінен қозғалды.

Сұхбат

PhotoRoom