САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Жаңалықтар
13.09.2023, 15:37
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

«AMANAT» партиясының негізі мақсаты халықтың әл-аухатын көтеріп, тұрмысын жақсарту болып табылады. Ал, халықтың жағдайын жақсарту үшін кәсіпкерлік саласын дамытуға басымдық беру қажет. Осыған орай, партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында кәсіпкерлік саласын өңірімізде дамытуға ерекше назар аударылған. 

Осы мақсатта мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева мәслихат депутаты, қалалық партия фракциясының жетекшісі Қ.Имашев және мәслихат депутаты Л.Сулайманов Шымкент қаласындағы  «Индустриальный Синдикат» және «InPlast» кәсіпорындарына барып, жұмыс барысымен танысты. 

«InPlast» компаниясы 2018 жылы пластмасса бұйымдарын өндіретін кәсіпорын ретінде ашылды. Жеке кәсіпкер Гүлзана Сарымсақова мұндағы дайын өнім Шымкент қаласы мен Түркістан облысында аналогы жоқ екенін атап өтті.

«Индустриальный Синдикат» ЖШС 2013 жылы құрылып, негізгі қызметі су және газбен жабдықтауға, жерасты ұңғымаларына арналған полиэтилен (ПЭ) және поливинилхлоридті (ПВХ) құбырларын өндіру және сату болып табылады. Қазіргі уақытта компанияда қаптама және ПВХ құбырларын шығаратын екі өндірістік желі бар. 70 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде қолдау алды.

Сұхбат

PhotoRoom