Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды

Саясат
24.08.2020, 10:25

Ол Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінде болды

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды
Мухтар Аюбаев. Фото:sgork.gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Мұхтар Аюбаев 1959 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еркін күрестен спорт шебері.

Ол 2006-2013 жылдары ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығы, 2013-2014 жылдары ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы болды.

Сұхбат

PhotoRoom