Қазақстанда 2 млн теңге өтемақыны 776 дәрігер алды

Әлеумет
24.08.2020, 10:28

Індеттен қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңге төлем аударды

Қазақстанда 2 млн теңге өтемақыны 776 дәрігер алды
фото: azattyq-ruhy.kz

Коронавируспен күреске тартылған 776 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, Медсақтандыру қоры індеттен қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлемді алатын медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін Медсақтандыру қорына жіберіледі.

24 тамыз сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Медсақтандыру қоры COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 776 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Алматы (79), Ақмола (79) облыстарынан, Алматы (74) және Нұр-Сұлтан (69) қалаларынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан (67) жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

  • Коронавирус инфекциясы немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге;
  • COVID-19 вирусын жұқтырғаннан, вирустық пневмониядан қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom