Шымкент қаласы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен жамағат арасында «Спорт - бейбітшілік елшісі» атты шағын футболдан турнир өтті.
Іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, жамағат арасында тығыз қарым-қатынас орнату.
Жалпы кіші футбол турниріне 10 команда қатысты. Олар төрешілердің бақылауымен жеребе тарту арқылы командаларға бөлініп, жарысқа түсті.
Бас төрешінің бекіткен топтық ойын кестесіне сәйкес 10 команда кезең-кезеңімен ойнап, ¼ кезеңіне 4 команда (Барыс, Мумтаз, Абай, Тайфун) жолдама алды.
Қыркүйек айының басында бастау алған футбол турнирі ай соңына дейін жалғасын тауып, турнир нәтижесінде І орын – «Барыс» командасы, ІІ орын – «Мумтаз» командасы, ІІІ – орын «Тайфун» командалары иеленді.
Кіші футбол турнирінің марапаттау рәсіміне қоғамдық кеңес төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, Шымкент қаласының бас имамы Абдрахманов Бақдәулет Нұрматұлы және Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету» бөлімінің басшысы Мәлік Әбдірахман Әбдіжапбарұлы қатысып, жеңіске жеткен командаларға арнайы дипломдар мен кубок және әрбір команда мүшелеріне велосипед, құлаққап, смарт сағат, спорттық рашгард табыс етті.
Сонымен қатар ойын барысында үздік ойын көрсеткен ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталды.