27 тамыздан бастап Түркияға қатынайтын әуе рейстері ашылады

Жаңалықтар
24.08.2020, 12:59

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстеріне енгізілген шектеу алынатын болды

27 тамыздан бастап Түркияға қатынайтын әуе рейстері ашылады
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады.

Бұған дейін COVID19-ның таралуына бойынша жағдайға байланысты, Түркия тарапы 5 тамыздан бастап Қазақстан жолаушыларының кіруіне шектеулер енгізген болатын.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен келісім жүргізген. Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп, және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Түркия арасында қатынайтын рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясы сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Еске сала кетейік, 5 тамызда кешкі сағат 18:00-де Air Astana әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Ыстамбұлға бағыт алып, ұшу-қону жолағына шыққан кезде түрік авиациялық билігі қоңырау шалып, Қазақстан тасымалдаушыларына Түркияға ұшуға тыйым салынғаны туралы хабарлаған.

Сұхбат

PhotoRoom