ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Жаңалықтар
15.09.2023, 17:38
ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Мемлекетіміз мығым болуы үшін Мемлекет басшысы тарапынан халыққа арналып жарияланатын Жолдаулардың маңызы айрықша. Өйткені аталған құжат мемлекеттің жоспарлау саясатына негізделеді. Онда ұзақ және қысқа мерзімді даму мен экономикалық өсім, салаларды өркендету мәселесі айқындалып, елдің ішкі-сыртқы саясаты, ұлттық патриотизмге баса мән беріледі. Жолдау сонысымен құнды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы Шымкент қаласында кеңінен насихатталып, талқыланып жатыр. Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Атқарушы хатшының орынбасары  Б.Тулегенов және Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев З.Космодемьянская  атындағы №23 мектеп-лицейінің ұжымымен кездесті.

Жиын барысында білім саласында ата-ана мен педагогты толғандыратын мәселе ұлт болашағы - балалардың қауіпсіздігі, балалар арасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын кеңінен талқылап, Жолдауда Президенттің осы бағытта берген тапсырмаларын түсіндірді. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген орта білім мен оқу орындарында инклюзивті білім беру бойынша жағдай жасауды кеңінен қолға алу тақырыптарын да тілге тиек етті.

Сұхбат

PhotoRoom