Карантинде той жасаған Төреғали Төреәлінің отбасына айыппұл салынған жоқ

Жаңалықтар
24.08.2020, 13:35

Бұлтартпас, тікелей дәлел болмайынша, мұны жасау қиын көрінеді

Карантинде той жасаған Төреғали Төреәлінің отбасына айыппұл салынған жоқ
скриншот: видео

Карантин толық жойылмай жатып әнші Төреғалидің қарындасы Төреәлі Фаризаның үйлену тойы салтанатты түрде атап өтілген. Дегенмен бұған қатысты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хаттама толтыра алмапты, деп хабарлайды zakon.kz.

2019 жылы Фариза Төреәлі спортшы Дархан Нортаевтың отау құру туралы ұсынысын қабыл алған. Мамыр айында мұсылман дәстүрімен жастардың некесі қиылды. Ал той карантинге байланысты кейінге қалдырылды. Алайда, кейінірек әнші Мақпал Жүнісованың Инстаграмдағы парақшасында осы тойдың видеосы пайда болды. Алайда дәл қазір бұл видео жойылған.

Желідегі видеолар құзырлы органның назарынан тыс қала алмады. Полиция департаменті үйлену тойын жасағандарды анықтағандарын, оған қатысты жиналған материалдар шешім қабылдау үшін санитарлық қызметке жолданғанын хабарлады. Одан соң осы мәселеге қатысты Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатқандығы айтылды.

«Күдік Алматыдағы мейрамханалардың біріне түсті, бірақ мекеме қожайындары бұған қатысы жоқтығын айтып, айыптан жалтарды. Олар мейрамхананың логотиптері видеода көрінбейтінін, ішкі көрінісі де әртүрлі екендігі туралы дәлел келтірді», - дейді құзырлы орган.

«Әншінің отбасына хаттама толтырылды ма» деген сауалға олар: «Бұлтартпас дәлелдемелер базасы болмаған соң хаттама толтырылмады» деп жауап берді.

Сонымен қатар олар рейдтердің қалай жүргізілетінін түсіндірді. Бақылау тобы қоғамдық іс-шаралар өтетін орындарға қоңырау шалып, «тәртіп бұзушыларды ұстайды», аты-жөндерін, уақытын, күнін тіркеп, фактіні видеоға түсіреді. Ал бұл арада бұлай үстінен түсу болмаған.

Сұхбат

PhotoRoom