КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Жаңалықтар
18.09.2023, 18:00
КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңесінің  отырысы өтті.

Кеңес отырысына «AMANAT» партисы Шымкен қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы Н.Балабиев, мәслихат депутаттары Т.Балтабаев, Б.Абишев, «Жастар Рухы» қалалық филиалының төрағасы Е.Жүнісбек және Жастар қанатының белсенділері мен кеңес мүшелері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және олардың лайықты тұруы мен оқуы үшін жағдай жасау мәселелері қаралды.

Президент өзінің әр Жолдауында жастарға жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несие алуы сияқты міндет-талаптар қойып келеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жатақхана мәселесі мемлекет мойнындағы жауапкершілік ретінде қала беретінін айтқан болатын. Осы бағыттар бойынша мемлекет және партия тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді, – деді Ж.Бектаева.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, олардың лайықты тұруы мен оқуы үшін жағдай жасау мәселесі бойынша қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының жастармен жұмыс жүргізу және отбасындағы құндылықтарды насихаттау бөлімінің бөлім басшысы Қадырхан Арысбеков баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы уақытта көтерілген сұрақтарды бақылауда ұстап, қарқынды жұмыс жүргізілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom