КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жаңалықтар
20.09.2023, 15:34
КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында қарапайым тұрғындармен кері байланысты нығайту мақсатында мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева Абай ауданына қарасты Қызылжар тұрғын алабының халқына көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған азаматтардың бірі көше жарығы мәселесін, енді бірі жөнделмеген көшені асфальттау қажеттілігін айтты. Сонымен қатар, сапалы интернет желісіне қосылу және кәріз жүйесі бойынша проблемаларды көтерген азаматтар болды. Күн сайын халық саны өсіп жатқан тұрғын алаптың халқы транспорт мәселесі бойынша да шағымдарын жеткізді.

Халық қалаулысы азаматтардың арыз-өтініштерін толығымен тыңдап, сауалдарына жауап беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша барлық ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға ұсынылып, алдағы уақытта мәселенің оң шешілуін партия бақылауында ұстайтындарын жеткізді. 

Сұхбат

PhotoRoom