ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
22.09.2023, 09:31
ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. 

Фракция жиналысын фракциясы жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы ашып, жүргізді. 
 
Фракция мәжілісінің күн тәртібіне төрт мәселе қаралды. 
1. Жол картасыда мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына қатысты тармақтардың орындалуы және басқарманың 2023 жылдың 8 айында өз саласы бойынша атқарған жұмыстардың барысы;
2.  Жол картасыда жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қатысты тармақтардың орындалуы және басқарманың 2023 жылдың 8 айында өз саласы бойынша атқарған жұмыстардың барысы;
3. Жол картасында ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қатысты тармақтардың орындалуы және басқарманың 2023 жылдың 8 айында өз саласы бойынша атқарған жұмыстардың барысы;
4. Жол картасындағы 8 айдың қорытындысымен Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының жолдаған ақпаратына сәйкес, орындалмай қалу қауіпі бар іс-шаралар барысы талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары М.Жолдасбеков пен ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Кеуенованың баяндамалары тыңдалды. 

- «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру өте ауқымды жұмыс және үлкен жауапкершілік. Бұл жұмыстар біздің сайлауалды халыққа берген уәделеріміз.  Бұл халықтың бізге тапсырған аманаты, - деді Қ.Имашев. 

Фракция жиналысының қорытындысы бойынша баяндамашыларға ұсыныс-пікірлер жолданып, бірқатар тапсырмалар берілді.

Сұхбат

PhotoRoom