Кәсіпкерлер базарлардың жұмыс режимін ұзарту жөнінде Үкіметке ұсыныс жасады

Аймақ
24.08.2020, 18:09

Ералы Тоғжанов елордадағы карантиннен кейін қызметін қайта бастаған нысандарды аралады

Кәсіпкерлер базарлардың жұмыс режимін ұзарту жөнінде Үкіметке ұсыныс жасады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдерімен қатаң карантиндік шектеу шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңі аясында қызметін қайта бастаған бірқатар нысанның санитарлық-эпидемиологиялық және термометрия талаптарының сақталу барысын тексерді.

Тексеру «Mega Silk Way» сауда және ойын-сауық орталығында, «Эталон» сауда-құрылыс базарында және Нұр-Сұлтан қаласының орталық базарында жүргізілді.

Нысандарды аралау барысында кәсіпкерлер сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22:00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20:00-ге дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді.

Е. Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін ведомствоаралық комиссияның отырысында сауда нысандарының жұмыс уақытын ұзарту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсынысын шығаруды тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom