Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланды

Аймақ
25.08.2020, 11:13

Оның талдықорғандық кәсіпкерлермен кездесудегі дөрекі қылығы қоғамда ашық талқыға түсті

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланды

Талдықорғандық кәсіпкерлермен кездесу кезінде дөрекі сөйлеген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Талдықорған қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында белгілі болды.

«2020 жылғы 19 тамызда бейне-конференция-байланыс арқылы әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Е. Ж. Сыдымановқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Оның іс-әрекетінде Талдықорған кәсіпкерлерімен әңгімелесу кезінде ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) талаптарының бұзылуы анықталды, онда мемлекеттік қызметшілер азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауы тиіс»,- делінген хабарламада.

Облыстың бас санитарына қатаң сөгіс жарияланғанын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов те растады.

«Ерғали Сыдымановқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бұл бұйрық Алматы облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі негізінде жасалды», - деді ол.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының бас санитарына қатысты пікір білдіріп, оның қылығын «Мемлекеттік қызметшіге тән емес» деп бағалады.

Сұхбат

PhotoRoom